10.06.2026 19:46

Эмилиано Мартинес «Ювентуске» ауысуға жақын

10.06.2026 19:46

«Астон Вилла» қақпашысы Эмилиано Мартинес «Ювентуске» ауысуға жақын

Маттео Мореттоның хабарлауынша, қос тарап өзара келісімге келді. Мартинес 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қоюға келісті. «Ювентус» шамамен 10 миллион еуро ұсынуға дайын, бірақ «Астон Вилла» 15 миллион сұрап отыр. Қазір клубтар келіссөз жүргізіп жатыр.

33 жастағы Аргентина құрамасының голкипері осы маусымда 44 матчта 49 гол өткізіп, 14 ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram