10.06.2026 18:01

Месси рекорд орнатты

10.06.2026 18:01

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси рекорд орнатты

«Интер Майами» вингері Исландияға қарсы жолдастық кездесудің (3:0) 72-минутында пенальтиден мергендік танытты.

Осылайша ол Аргентина құрамасы үшін гол соққан ең егде ойыншы атанды. Лео 38 жас 350 күнінде 1957 жылдың шілде айында «Ривер Плейт» форварды Анхель Лабурна (38 жас 282 күн) тіркеген рекордты жаңартты.

Аргентина Әлем чемпионатында J тобында Алжир, Аустрия және Иорданиямен сынға түседі. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада һәм Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram