11.06.2026 14:41

Леау «Галатасарайға» ауысуы мүмкін

11.06.2026 14:41

«Милан» вингері Рафаэл Леау мансабын Түркияда жалғауы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, оған «Галатасарай» қызығушылық танытуда. Ыстамбұлдың клубы келер аптада келіссөз бастауға ниетті және 26 жастағы португалиялық вингерге 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшарт ұсынуға дайын. Егер Леау бұған келіссе, жылына он миллион еуро көлемінде жалақы алады екен.

Бірақ Рафаның өзі Ағылшын Премьер-лигасында ойнағысы келеді. Ол әлі де АПЛ-ден ұсыныс күтіп отыр.

Осыған дейін Леау клуб ауыстырғысы келетінін айтқан еді. 26 жастағы португалиялық ойыншы осы маусымда 31 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына қатысады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram