12.12.2025 08:21
«Ман Юнайтед» 100 миллионға жартылай қорғаушы алмақ
12.12.2025 08:21
«Манчестер Юнайтед» алдағы қыста жартылай қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр

Fichajes хабарлауынша, манкуниандықтар «Кристал Пэлас» ойыншысы Адам Уортонды аттай қалап отыр. Манчестердің клубы ол үшін қаңтар айында 100 миллион еуро жұмсауға дайын екен.
Одан бөлек 21 жастағы ағылшынға «Реал», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» және «Челси» қызығушылық танытуда.
Уортон осы маусымда 21 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.