12.12.2025 08:09

Бензема қарсы емес

12.12.2025 08:09

Кәрім Бензема - 2026 жылғы әлем чемпионаты туралы: «Егер мені шақырса, барамын да, ойнаймын»

«Әл-Иттихад» шабуылшысы Кәрім Бензема келесі жылы өтетін әлем чемпионатында ойнауға дайын екенін айтты.

«Әлем чемпионатында кім ойнағысы келмейді? Барлығы бұл турнирде ойнауды қалайды. Мен футболды және бәсекелестікті жақсы көремін, сондықтан егер маған Франция құрамасымен әлем чемпионатына баруды ұсынып, мен бас тартсам - бұл өтірік болар еді. Егер мені шақырса, мен келемін және ойнаймын. Менің амбициям бар», - деді Бензема.

37 жастағы француз соңғы рет Франция құрамасы үшін 2023 жылдың маусымында ойнаған.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram