12.12.2025 08:17
Рафинья «Барселонадан» кетпейді
12.12.2025 08:17
Бразилия жұлдызы клубпен байланысты үзбейді

«Барселона» ойыншысы Рафинья Каталония клубында өз мансабын жалғастыратынын нақтылады. Соңғы апталарда оның Сауд Арабиясына ауысуы мүмкін деген қауесеттер жиілегенімен, футболшының өзі мұндай нұсқаны жоққа шығарды.
SPORT басылымының хабарлауынша, Рафинья әлем чемпионатынан кейін де «Барселонадан» кетуді жоспарлап отырған жоқ. Ол өзін клубтың ажырамас бөлігі ретінде сезінеді және командаға көмектесуді жалғастырғысы келеді.
Футболшы «Барса» сапында жоғары көрсеткіштерімен көзге түсті. Ол 156 матчта 112 гол соғып, каталондықтардың маңызды ойыншыларының біріне айналды. Рафинья жанкүйерлердің қолдауын жоғары бағалайтынын және Барселона қаласында өзін жайлы сезінетінін атап өтті.