24.07.2026 12:37
Максанс Лакруа бүгін «Челси» ойыншысы атанады
24.07.2026 12:37
«Кристал Пэлас» қорғаушысы Максанс Лакруа «Челсиге» ауысуға жақын

The Athletic журналисі Дэвид Орнштейннің хабарлауынша, қос тарап бүгін, 24 шілде күні 2032 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Ал трансфер құны шамамен 52 миллион фунт стерлингті (60,8 миллион еуро) құрайды екен.
«Кристал Пэлас» Лакруаның орнына «Аугсбургте» ойнайтын Крислен Матсиманы алуды қарастырып отыр. Ол болмаса «Трабзонспордағы» Чибуике Нваивуға «құда түспек».
«Челсидің» жоспарында Максанстан бөлек осы жазда тағы үш-төрт трансфер жасау бар. «Көктер» «Комода» өзін жақсы қырынан көрсеткен «Реал» түлегі Хакобо Рамонды өз қатарынан көргісі келеді.
Лакруа «Кристал Пэлас» намысын 2024 жылдан бері қорғап келеді. 26 жастағы Франция құрамасының ойыншысы өткен маусымда 55 матчта үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.