24.07.2026 12:13

Нуньес MLS клубына ауысуы мүмкін

24.07.2026 12:13

«Әл-Хиләл» шабуылшысы Дарвин Нуньес ат басын АҚШ-қа бұруы мүмкін

Бен Джейкобстың хабарлауынша, оған MLS клубы «Атланта Юнайтед» көз салып отыр. Қос тарап жақында келіссөз бастапты. Ал Дарвин «Әл-Хиләлмен» келісімшартты бұзу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Одан бөлек «Атланта Юнайтед» «Ренн» мен Швейцария құрамасының форварды Брил Эмболоны қатарына қосқысы келеді.

Нуньес Саудияның клубына 2025 жылдың жазында «Ливерпульден» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. 26 жастағы уругвайлық ойыншы өткен маусымда 24 матчта тоғыз гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram