24.07.2026 11:55
Ромеро «Интермен» келіссөз бастады
24.07.2026 11:55
«Тоттенхэм» қорғаушысы Кристиан Ромеро «Интерге» ауысуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «нерадзурри» Ромероның өкілдерімен тікелей байланыс орнатты. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр.
Осыған дейін Кристианның «Тоттенхэмнен» 100% кететіні белгілі болған еді.
28 жастағы Аргентина құрамасының ойыншысы Лондон клубының намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Ол өткен маусымда 32 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.