22.07.2026 15:56
Ромеро «Тоттенхэмнен» кетеді
22.07.2026 15:56
«Тоттенхэм» қорғаушысы Кристиан Ромеро жақында клуб ауыстырады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 28 жастағы аргентиналық ойыншы осы жазда «Тоттенхэмнен» 100% кетеді.
Жақында ол «Интермен» келіссөз бастайды. Сондай-ақ «Барселона» да қызығушылық танытып отыр, бірақ Каталонияның клубы командадан бір қорғаушы кетсе ғана іске кіріседі.
Ромеро «Тоттенхэм» намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Кристиан өткен маусымда 32 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.