22.07.2026 15:37
«Реал» Мастантуононы жалға беруге дайын
22.07.2026 15:37
«Реал» вингері Франко Мастантуоно клуб ауыстыруы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Мадридтің клубы оны осы жазда тек сатып алу құқығынсыз жалға беруге дайын. Қазір Франкоға Испанияның бес клубы және өзге де шетелдік командалар көз салып отыр.
18 жастағы аргентиналық ойыншы «бланкос» сапына 2025 жылдың тамыз айында «Ривер Плейттен» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 35 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.