24.02.2026 20:21

Маккенни «Ювентусте» қалады

24.02.2026 20:21

Уэстон Маккенни «Ювентусте» әлі біраз ойнайды

Маттео Мореттоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Клуб пен футболшы арасындағы соңғы келіссөз сәтті аяқталыпты. Маккенидің өзі де Туриннің клубында қалғысы келеді екен.

27 жастағы америкалық жартылай қорғаушы «бьянконери» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 36 матчта жеті гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram