24.02.2026 16:17
Ван де Вен «Ливерпульге» ауысуға дайын
24.02.2026 16:17
«Тоттенхэм» қорғаушысы Микки ван де Вен клуб ауыстыруы мүмкін

Topskills Sports UK хабарлауынша, 24 жастағы Нидерланд ойыншысы Лондонның клубынан 100% кетеді. Қазір ол «Ливерпульмен» келіссөз жүргізіп жатыр. «Қызылдар» оны Вирджил ван Дейктің орнын басатын футболшы деп біледі. Миккидің өзі де «Ливерпульге» ауысуға дайын екен. Сондықтан жазда трансфер көруіміз мүмкін.
Ван де Вен осы маусымда 33 матчта жеті гол соғып, бір нәтижелі пас берді.