24.02.2026 12:27

Вальверде «Баварияға» ауысуы мүмкін

24.02.2026 12:27

«Реал» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде «Баварияға» ауысуы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, 27 жастағы уругвайлық ойыншы маусым соңында «Реалдан» кетуі мүмкін. Оның осы маусымдағы ойынына клубтың көңілі толмайды екен.

Осы жағдайды «Бавария» басшылығы мұқият бақылап отыр. Мюнхендіктердің бас бапкері Венсан Компани оны жазда кететін Леон Горецканың орнына көргісі келеді. Федериконың өзі де «Баварияға» ауысуға қарсы емес.

Вальверде осы маусымда 35 матчта екі гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram