24.02.2026 18:43

Патрик Доргу қашан оралады?

24.02.2026 18:43

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Патрик Доргудың жағдайы белгілі болды

21 жастағы ойыншы «Арсеналға» (3:2) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алып, соңғы төрт матчқа қатыспаған еді.

Indykaila News хабарлауынша, Манчестердің клубы оған мүлде тәуекелге бармай, тек дайын болғанда оралатынын айтыпты. Манкуниандықтардың болжауынша, Доргу сәуір айының басына қарай аттай болып кетеді.

Доргу осы маусымда 24 матчта үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram