06.05.2026 18:14
Майну АПЛ үздік ойыншысы атанды
06.05.2026 18:14
Кобби Майну Ағылшын Премьер-лигасының 35-турдағы үздік ойыншысы атанды

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы «Ливерпульге» (3:2) қарсы матчта 72-минутта жеңіс голын соққан еді.
Осылайша ол жүлдеге таласта Тайву Авонийді («Ноттингем»), Тьерно Барриді («Эвертон»), Жереми Докуды («Манчестер Сити»), Конор Галлахерді («Тоттенхэм»), Виктор Дьокерешті және Букайо Саканы (екеуі де – «Арсенал») артқа тастады.
Майну – «Манчестер Юнайтед» түлегі. 23 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 27 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.