26.09.2025 11:51
Мадрид дербиіне «Атлетиконың» екі ойыншысы қатыспайды
26.09.2025 11:51
Ла Лиганың 7-туры аясында «Атлетико» өз алаңында «Реалды» қабылдайды
Бұл матчқа «матрасшылардың» екі бірдей негізгі футболшысы Тьяго Альмада мен Джонни Кардозо қатыспайды. Альмада бұлшық етін зақымдап алса, Кардозоны тобық жарақаты мазалап жүр екен.
Ал «бланкос» сапынан Трент Александер-Арнольд (тізе сіңірі), Ферлан Менди (тізе сіңірі) және Антонио Рюдигер (бел) жарақаттарына байланысты алаңға шықпайды.
Мадрид дербиі ертең, 27 қыркүйек сағат 19:15-ке жоспарланған.