27.09.2025 13:25
Луис Энрике қанша ұпай жинады?
27.09.2025 13:25
«Алтын доптың» ресми парақшасы ең үздік бапкерге табысталатын Йохан Кройфф атындағы марапатқа дауыс беру нәтижесін жариялады
Жүлде иегері Луис Энрике 118 ұпай жинапты. Екінші сатыға жайғасқан Ханс-Дитер Флик 44 ұпайды иеленді. Ал үшінші орынды місе тұтқан Энцо Мареска 27 ұпай еншілеген екен.
Дауыс беру нәтижесі:
Луис Энрике – 118 ұпай
Ханси Флик – 44
Энцо Мареска – 27
Арне Слот – 26
Антонио Конте – 6.
Энрикенің жетекшілігімен ПСЖ өткен маусымда тарихи требл жасап, Франция Суперкубогын жеңіп алды.