09.04.2026 17:26

«Ливерпуль» ойыншысы «Ювентуске» ауысуы мүмкін

09.04.2026 17:26

«Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Бекер клубтан кетуі мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, оны «Ювентус» өз қатарынан көргісі келеді. Туриннің клубы Алиссонға үш жылға жарамды келісімшарт ұсынбақ. Голкипердің өзі де Италияға оралуға дайын.

33 жастағы бразилиялық ойыншы Мерсисайд клубына 2018 жылы «Ромадан» 72,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 34 матчта 36 гол өткізіп, 13 ойында қақпасына доп жібермеді.

Қазір Алиссон бұлшық ет жарақатына байланысты ем қабылдап жатыр. Бас бапкер Арне Слот растағандай, ол тек маусым соңына қарай ғана қатарға оралады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram