09.04.2026 13:51
«Бавария» ойыншысы «Миланға» ауысуы мүмкін
09.04.2026 13:51
«Бавария» жартылай қорғаушысы Леон Горецка мансабын Италияда жалғауы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, оны «Милан» өз қатарынан көргісі келеді. «Россонерри» Горецкаға үш жылға жарамды келісімшарт ұсынуға дайын. Ал оған сәйкес Леонның бір маусымда алатын жалақысы кемі бес миллион еуроны құрайды екен.
Одан бөлек 31 жастағы ойыншыны алғысы келетіндердің қатарында «Ювентус», «Интер», «Арсенал», «Наполи», «Байер», «Марсель» және «Галатасарай» бар.
Горецка Мюнхеннің клубына 2018 жылы «Шалькеден» тегін ауысып келген. Ол осы маусымда 39 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Осыған дейін Леон 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, жазда клубтан кететінін хабарлап қойған еді.