09.04.2026 14:32

Левандовски ат басын Италияға бұруы мүмкін

09.04.2026 14:32

«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски мансабын Италияда жалғауы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, оған «Ювентус» пен «Милан» қызығушылық танытып отыр. А Сериясының алаптары оны жазда еркін агент ретінде қатарға қосқысы келеді.

Ал Левандовски «Барселонамен» келісімшартты ұзартуды қалайды, бірақ әлі ресми келіссөз басталмапты.

37 жастағы поляк форварды Каталонияның клубына 2022 жылы «Барселонадан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 39 матчта 17 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram