20.09.2025 18:31
«Ливерпуль» «Эвертонды» жеңді
20.09.2025 18:31
Ағылшын Премьер-лигасының 5-туры аясында «Ливерпуль» өз алаңында «Эвертонды» тізе бүктірді
Мерсисайдтық дербиде 2:1 есебі тіркелді. «Ливерпуль» сапында Райан Гравенберх пен Уго Экитике мергендігімен көзге түсті. Ал «Эвертонның» жалғыз голын Идрисса Гуйе соқты.
Осылайша бес ойында да жеңіске жеткен «Ливерпуль» 15 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады.
Арне Слот шәкірттері келесі турда «Кристал Пэласқа» қонаққа барады. Ал одан бұрын Лига кубогы аясында «Саутгемптонмен» күш сынасады.