26.09.2025 12:30
Левандовски Неймармен теңесті
26.09.2025 12:30
Ла Лиганың 6-туры аясында өткен кездесуде «Барселона» «Реал Овьедоны» 3:1 есебімен жеңді

Роберт Левандовски бұл матчта бір мәрте қақпаны дәл көздеп, өзінің «Барселонадағы» 105-голын соқты.
Осылайша поляк шабуылшысы Неймармен теңесіп, клубтың үздік сұрмергендері тізімінде 17-орынға көтерілді.
Ал үздік бес бомбардир мынадай:
Лионель Месси – 672 гол
Сесар Родригес – 226
Луис Суарес – 195
Ласло Кубала – 193
Самюель Это'о – 130
Еске салсақ, Левандовски «Барселона» сапына 2022 жылдың шілде айында «Бавариядан» ауысып келген еді.