14.07.2026 19:09
Леандро Троссард «Бешикташ» ойыншысы атанды
14.07.2026 19:09
Леандро Троссард «Бешикташ» ойыншысы атанды

Қос тарап 2029 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар. Ал трансфер құны 18 миллион еуроны құрайды және бонус ретінде тағы екі миллион бар.
31 жастағы Бельгия құрамасының вингері Лондонның клубына 2023 жылы «Брайтоннан» 24 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 50 матчта сегіз гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.