02.05.2026 14:05
Ла Лиганың ең жылдам ойыншысы белгілі болды
02.05.2026 14:05
«Барселона» вингері Маркус Рэшфорд Ла Лиганың осы маусымдағы ең жылдам ойыншысы болып тұр

Kognia мен BeSoccerPro есептеуінше, оның осы маусымдағы орташа жылдамдығы сағатына 34,16 шақырымды құрайды.
Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында Винисиус Жуниор (33,92 км/сағ) тұр. Үздік үштікті Килиан Мбаппе (33,55 км/сағ) түйіндесе, төртінші орынға Рафинья (33,45 км/сағ) жайғасқан.
«Блауграна» 28 жастағы англиялық ойыншыны өткен жазда «Манчестер Юнайтедтен» жалға алған еді. Ол осы маусымда 45 матчта 13 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.