21.05.2026 10:43
Куртуа «Челсиге» оралуға дайын
21.05.2026 10:43
«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа «Челсиге» оралуы мүмкін

PITCH-PULSE хабарлауынша, 34 жастағы бельгиялық голкипер Хаби Алонсо «Челсиге» келгеннен кейін Лондонның клубына ауысқысы келеді. Тибо мен Хаби «Реалда» өте жақсы араласқан екен, тіпті Куртуа Алонсоның кетуіне қарсылық білдірген.
Куртуа «Челси» намысын 2014-2018 жылдары аралығында қорғаған еді. Ал осы маусымда 44 матчта 41 гол өткізіп, 17 ойында қақпасына доп жібермеді.