21.05.2026 09:03
«Манчестер Сити» ойыншысы «Баварияға» ауысуы мүмкін
21.05.2026 09:03
«Манчестер Сити» қорғаушысы Джон Стоунз ат басын Германияға бұруы мүмкін

Daily Мail журналисі Майк Киганның хабарлауынша, оған «Бавария» қызығушылық танытып отыр және жазда қатарына еркін агент ретінде қосу жолдарын қарастырып жатыр.
Одан бөлек оны алғысы келетіндердің қатарында «Марсель», «Ювентус» және «Рексем» бар.
31 жастағы англиялық ойыншы маусым соңында 2016 жылдан бері ойнап келген клубы «Манчестер Ситиден» кететінін хабарлаған еді. Ол осы маусымда 17 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.