21.05.2026 02:13
«Астон Вилла» Еуропа лигасының чемпионы атанды
21.05.2026 02:13
Еуропа лигасының финалында «Астон Вилла» «Фрайбургты» 3:0 есебімен тізе бүктірді

Ыстамбұлдағы «Бешикташ Арена» стадионында өткен кездесуде Юри Тилеманс, Эмилиано Буендиа және Морган Роджерс гол соқты.
Осылайша Бирмингемнің клубы өз тарихында алғаш рет Еуропа лигасында топ жарды. Ал «арыстандардың» бас бапкері Унаи Эмери бұл турнирдің бес дүркін чемпионы атанды.