21.05.2026 10:04
Каземиро «Интер Майамиге» ауысуға жақын
21.05.2026 10:04
«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Каземиро мансабын АҚШ-та жалғауы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, ол «Интер Майамиге» ауысуға жақын. Қос тарап бірнеше ай бойы келіссөз жүргізіп жатыр екен. Каземиро маусымды «Манчестер Юнайтедте» аяқтап, содан кейін MLS клубымен келісімшартқа қол қоймақ.
Осыған дейін Каземироның жазда «Манчестер Юнайтедтен» кететіні белгілі болған еді. 34 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы осы маусымда 35 матчта тоғыз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.