31.08.2025 12:34
Кунья ұлттық құрама матчтарына қатыспайды
31.08.2025 12:34
«Манчестер Юнайтед» ойыншысы Матеус Кунья Бразилия құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды
26-жастағы шабуылшы «Бёрнлиге» қарсы кездесуде бұлшық етін жарақаттап алып, 31-минутта алаңдағы орнын босатты.
Осыған байланысты, Кунья Бразилия құрамасының әлем чемпионатына ірктеу кезеңі аясындағы ойындарынан тыс қалды.
«Селесао» 5 қыркүйек күні өз алаңында Чилиді қабылдаса, араға бес күн салып, Боливияға қонаққа барады.
Айта кетейік, Кунья «Манчестер Юнайтед» сапына осы жазда «Вулверхэмптоннан» 74 миллион еуроға ауысып келген болатын.