01.06.2026 21:02

Кукурелья «Челсиден» кетеді

01.06.2026 21:02

«Челси» қорғаушысы Марк Кукурелья клуб ауыстыруы мүмкін

The Athletic хабарлауынша, ол Лондонның командасынан кеткісі келеді және «Челси» де сатуға дайын.

Қазір оның агентімен «Барселона» және «Атлетико» келіссөз жүргізіп жатыр. Сондай-ақ «Манчестер Сити» бас бапкері Энцо Мареска бұрынғы шәкіртін өз командасында көргісі келеді. Одан бөлек «Реал» да қорғаныстың сол қапталын күшейтпек, бірақ Кукурельяны алу-алмауы белгісіз.

«Көктер» Маркті 2022 жылы «Брайтоннан» 65,3 миллион еуроға сатып алған еді. 27 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 50 матчта бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram