01.06.2026 16:01

Салиба қатардан шықты

01.06.2026 16:01

«Арсеналда» ойнайтын Франция құрамасының қорғаушысы Уильям Салиба қатардан шықты

Санти Аунаның хабарлауынша, 25 жастағы ойыншы Чемпиондар лигасы финалындағы ПСЖ-ға (1:1, пен. 3:4) қарсы кездесуде тобығындағы жарақатын асқындырып алыпты.

Осыған байланысты бірнеше апта алаңға шықпайды және Әлем чемпионатының матчтарынан да тыс қалуы мүмкін.

Айта кетейік, Франция биылғы мундиальда І тобында Сенегал, Ирак және Норвегиямен бақ сынайды. Жаһан додасы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram