01.06.2026 14:30
Месси алдағы матчқа қатыспайды
01.06.2026 14:30
«Интер Майамиде» ойнайтын Аргентина құрамасының дүлдүлі Лионель Мессидің жағдайы белгілі болды

Гастон Эдулдың хабарлауынша, 38 жастағы вингер кішігірім жарақат алыпты. Осыған байланысты ол 7 маусым күні өтетін Гондурасқа қарсы жолдастық кездесуге қатыспайды. Бірақ Лео 17 маусымға жоспарланған Әлем чемпионатының бірінші турындағы Алжирмен ойынға дайын болады екен.
Месси бастаған Аргентина құрамасы биылғы мундиальда J тобында Алжир, Аустрия және Иорданиямен ойнайды. Жаһан додасы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.