01.06.2026 14:07
«Арсеналдың» чемпиондық шеруінде бір жанкүйер пышақталды
01.06.2026 14:07
«Арсенал» Чемпиондар лигасының финалында ПСЖ-дан (1:1, пен 3:4) жеңілгеннен кейін бірден араға 22 жыл салып, Англия чемпионы атанғанын тойлатты

Daily mail хабарлауынша, солтүстік Лондон көшелерінде өткен чемпиондық шеруде бір жанкүйер пышақталып, ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ тәртіп бұзған 16 адам тұтқындалды және шамамен 75 адамға көмек көрсетілген.
Бұл парадқа 1,5 миллиондай фанат қатысып, Англия тарихында болмаған көрсеткіш тіркелді.