01.06.2026 11:12
«Челси» топ-форвард алмақ
01.06.2026 11:12
«Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхен мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Sporx хабарлауынша, оған «Челси» қызығушылық танытуда және жазда қатарға қосқысы келеді. Ал Ыстамбұлдың клубы басты сұрмергенін кемі 150 миллион еуроға бағалап отыр.
27 жастағы нигериялық форвард «Галатасарайға» өткен жазда «Наполиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 33 матчта 22 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.