01.06.2026 10:48
Рюдигер «Реалмен» келісімшартты ұзартты
01.06.2026 10:48
«Реал» қорғаушысы Антонио Рюдигер клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап бейсенбі күні 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойыпты. Енді жақында ресми хабарланады.
33 жастағы неміс қорғаушысы Мадрид клубына 2022 жылы «Челсиден» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда 26 матчқа қатысып, бір гол соқты.