01.06.2026 17:31
АПЛ осы маусымының үздік трансфері белгілі болды
01.06.2026 17:31
Сенне Ламенс Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымдағы «үздік трансфер» жүлдесін жеңіп алды

23 жастағы бельгиялық қақпашы «Манчестер Юнайтедке» өткен жазда «Антверпеннен» 21 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол чемпионаттың осы маусымында 32 матчта 39 гол өткізіп, сегіз ойында қақпасына доп жібермеді.
Сондай-ақ үміткерлер қатарында Жоао Педро («Челси»), Гранит Джака («Сандерленд»), Райан Шерки («Ман Сити»), Адриен Труффер («Борнмут»), Виктор Дьокереш («Арсенал»), Антуан Семеньо («Ман Сити») және Доминик Кальверт-Льюин («Лидс») болған еді.