20.09.2025 16:17
Кубарси «Хетафеге» қарсы ойнамайды
20.09.2025 16:17
Пау Кубарси «Барселонаның» алдағы матчына қатыспайды
Испаниялық қорғаушы «Ньюкаслға» (2:1) қарсы ойында сол аяғының сіңірін созып алыпты.
Медициналық тексерістің нәтижесінде жарақатының соншалықты ауыр емес екені белгілі болды.
Алайда, бапкерлік штаб тәуекелге бармай Кубарсиге демалыс беруді ұйғарған екен.
Ла Лиганың 5-туры аясындағы «Барселона» — «Хетафе» матчы ертең, 21 қыркүйек сағат 00:00-ге жоспарланған. Кездесу 6000 адамға арналған Йохан Кройфф атындағы стадионда өтеді.