14.04.2026 20:31

Клопп «Галатасарай» бас бапкері атануы мүмкін

14.04.2026 20:31

Юрген Клопп «Галатасарай» бас бапкері атануы мүмкін

Topskills Sports UK хабарлауынша, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Ал Ыстамбұл клубының қазіргі бапкері Окан Бурук маусым соңында командадан кетеді екен. Ол бапкерлік жолын Италия немесе Англияда жалғауы мүмкін.

Клопптың соңғы клубы «Ливерпуль» болған еді. 58 жастағы неміс маманы Мерсисайдтың командасын 2015-2024 жылдар аралығында жаттықтырды. Қазір Юрген Red Bull компанияның футбол жүйесінде қызмет атқарады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram