14.04.2026 16:02
ПСЖ Жотаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
14.04.2026 16:02
ПСЖ «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы марқұм Диогу Жотаның рухына тағзым жасады

Париж клубының ойыншылары мен президенті Нассер Әл-Хелайфи былтыр жол апатынан қайтыс болған Диогу Жота мен Андре Силваның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Сондай-ақ дәл осы құраммен команда 1989 жылдың 15 сәуірінде Англия кубогының жартылай финалы аясында «Хиллсборо» стадионында өткен «Ливерпуль» мен «Ноттингем Форест» матчындағы қақтығыс салдарынан қаза тапқан Мерсисайд клубының 97 жанкүйерін еске алды.
Бүгін, 14 сәуірде ПСЖ Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчы аясында «Ливерпульге» қонаққа барады. «Парк-де-Пренсте өткен алғашқы матчта Луис Энрике шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.