14.04.2026 13:18

Де Йонг қатарға оралады

14.04.2026 13:18

«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг қатарға оралады

Sport.es журналисі Карлос Монфорттың хабарлауынша, бас бапкер Ханс-Дитер Флик оны «Атлетикоға» қарсы матчта алаңға шығарады. Де Йонг бұлшық ет жарақатына байланысты соңғы 10 матчта тек жеті минут ойнаған еді.

Ал сол аяғының тобық буынын созып алған Берналь бүгінгі матчқа дайын емес екен. Оның қалыпқа келуі барған сайын созылып барады.

Бүгін, 14 сәуірде «Барселона» Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчы аясында «Атлетикоға» қонаққа барады. «Камп Ноуда» өткен алғашқы матчта «блауграна» 0:2 есебімен жеңіліп қалған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram