14.04.2026 19:20
АПЛ клубы бас бапкерсіз қалды
14.04.2026 19:20
Андони Ираола маусым соңында «Борнмут» бас бапкері қызметін босатады

Қос тарап 15 ай бойы келіссөз жүргізіп, ақыры 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды. «Шиелер» басқа бапкер іздеуді бастап кетті.
43 жастағы испан маманы «Борнмут» тізгінін 2023 жылдың 1 шілдесінде ұстаған еді. Содан бері команда 45 рет жеңіске жетіп, 35 мәрте тең түссе, 41 ойында қарсыласына жол берді.
32 турдан кейін 45 ұпай жинаған «Борнмут» Ағылшын Премьер-лигасында 11-орында келеді.