07.09.2025 17:53

Кивиор: «Портуға» ауысқанымды Фабрицио Романодан білдім»

07.09.2025 17:53

Якуб Кивиор өзінің «Арсеналдан» «Портуға» ауысқандығын әлеуметтік желіден көргенін айтты

— «Арсеналмен» қоштасу мен үшін қиын болды. Егер клуб алдын ала ескерткенде, дайындалар едім. Соңғы үш күн бойы қай командаға ауысатынымды өзім де білмедім. Дүйсенбі күні жаттығу жасап жүргенімде, Фабрицио Романо хабарлап қойыпты. Содан кейін телефоныма көптеген қоңыраулар мен құттықтаулар келді. Келесі күні ғана команда менімен қоштасты. Бірақ, тез арада кетуім керек болғандықтан барлығымен қоштасып үлгермедім», – деді Кивиор.

«Порту» польшалық қорғаушыны бір маусымға жалға алды. Сондай-ақ, 27 миллион еуроға сатып алу құқығы да қарастырылған.

Айта кетейік, Кивиор «Арсенал» сапында 2023 жылдың қаңтар айынан бері ойнаған еді. Осы аралықта жалпы 68 ойын өткізіп, үш гол мен бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram