29.08.2025 15:41

«Арсенал» ойыншысы «Портуға» ауысады

29.08.2025 15:41

Якуб Кивиор «Арсеналдан» «Портуға» ауысады

Фабрицио Романоның мәліметінше, «айдаһарлар» польшалық қорғаушыны бір маусымға жалға алады.

Сондай-ақ, 27 миллион еуроға сатып алу құқығы да қарастырылған.

Айта кетейік, Кивиор «Арсенал» сапында 2023 жылдың қаңтар айынан бері ойнаған еді. Осы аралықта жалпы 68 ойын өткізіп, үш гол мен бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram