26.08.2025 15:29
Инкапье «Арсенал» ойыншысы атануға жақын
26.08.2025 15:29
Пьеро Инкапье «Байерден» «Арсеналға» ауысуға жақын
Фабрицио Романоның мәліметінше, эквадорлық қорғаушы лондондық клубпен ұзақ мерзімді келісімшарт жасауға келісімін берген.
Қазір «Арсенал» «Байерге» алғашқы ұсынысын жасауға дайындалып жатыр.
Инкапье өткен маусымда жалпы 45 ойын өткізіп, 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.