19.11.2025 10:15
Кюрасао тарихи нәтиже тіркеді
19.11.2025 10:15
Кюрасао 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды

Команда іріктеу турнирінің соңғы матчында Ямайкамен (0:0) тең ойнап, топтан бірінші орынмен шықты.
Осылайша тарихында алғаш рет мундиальда ойнау мүмкіндігіне ие болды.
Сондай-ақ Кюрасао Әлем чемпионатына шыққан халқы ең аз ел атанды. 156 мың тұрғыны бар мемлекет Исландияның (352 мың) рекордын бұзды.
Айта кетейік, АҚШ, Канада және Мексикада болатын мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Келер жылғы бәсеке 48 құрама бақ сынайтын тарихтағы алғашқы әлем чемпионаты болмақ.