02.06.2026 14:04
Карраско «Әл-Шабабпен» келісімшартты ұзартты
02.06.2026 14:04
Янник Карраско «Әл-Шабабта» тағы бір маусым ойнайды

Қос тарап келісімшартты 2027 жылдың жазына дейін ұзартты.
32 жастағы Бельгия құрамасының бұрынғы вингері Саудияның клубына 2023 жылы «Атлетикодан» 15 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 32 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.