02.06.2026 13:05

Сафонов ПСЖ-да қалады

02.06.2026 13:05

ПСЖ қақпашысы Матвей Сафонов клубта қалады

Le Parisien хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады. Оған сәйкес жалақысы да біршама артады екен.

Қазір Париждің клубында ең аз жалақыны осы Матвей алады. Сафонов айына 250 мың еуро табады және бұл тағы бір голкипер Люка Шевальенікінен екі есе аз.

27 жастағы ресейлік ойыншы ПСЖ-ға 2024 жылы «Краснодардан» 20 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол содан бері Францияның екі дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында екі мәрте топ жарды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram