02.06.2026 12:43
Левандовски «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін
02.06.2026 12:43
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски мансабын Түркияда жалғауы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Ыстамбұлдың клубы 37 жастағы поляк форвардын еркін агент ретінде алғысы келеді.
Левандовски «Барселонаға» 2022 жылы «Бавариядан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 46 матчта 19 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.