01.06.2026 23:29

Модрич Әлем чемпионатына барады

01.06.2026 23:29

Хорватия Әлем чемпионатына қатысатын ойыншылардың нақты тізімін жариялады

Оған «Миланның» 40 жастағы жартылай қорғаушысы Лука Модрич кірді.

Қақпашылар: Доминик Ливакович («Динамо», Загреб), Доминик Котарски («Копенгаген», Дания), Ивор Пандур («Халл Сити», Англия);

Қорғаушылар: Йошко Гвардиол («Манчестер Сити», Англия), Дуе Чалета-Цар («Реал Сосьедад», Испания), Йосип Шутало («Аякс», Нидерланд), Йосип Станишич («Бавария», Германия), Марин Понграчич («Фиорентина», Италия), Кристиян Якич («Аугсбург», Германия), Мартин Эрлич («Мидтьюлланн», Дания), Лука Вушкович («Гамбург», Германия);

Жартылай қорғаушылар: Лука Модрич («Милан», Италия), Матео Ковачич («Манчестер Сити», Англия), Марио Пашалич («Аталанта», Италия), Никола Влашич («Торино», Италия), Лука Сучич («Реал Сосьедад», Испания), Мартин Батурина («Комо», Италия), Петар Сучич («Интер», Италия), Никола Моро («Болонья», Италия), Тони Фрук («Риека», Хорватия);

Шабуылшылар: Иван Перишич («ПСВ», Нидерланд), Андрей Крамарич («Хоффенхайм», Германия), Анте Будимир («Осасуна», Испания), Марко Пашалич («Орландо Сити», АҚШ), Петар Муса («Даллас», АҚШ), Игор Матанович («Фрайбург», Германия).

Шақпақ жейделі команда L тобында Англия, Панама және Ганамен ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада һәм Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram